• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Алтай Көлгінов: Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету туралы

Автор:REVIZORRO

Июн 26, 2019

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету және қаланы қалпына келтіру бойынша мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр:

1. Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов құрылыс бригадаларымен бірге бүгін Арыс қаласына барады. Түркістандық әріптестермен бірге тұрғын үйлер мен басқа да инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру жұмыстарын бастайды. Ол жерде біздің шатыр-лагерьлеріміз болады.

2. Бүгінге дейін мемлекеттік органдардың, қалалық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері бір күндік жалақысын, яғни жалпы соммасы 200 млн теңгені Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына аударды. Азаматтар тарапынан арыстықтарға көмек ретінде «Нұрлы-Астана» қорына әлі де қаржы аудару жалғасуда.

Ауызбіршілік танытып қолдау көрсеткен барлық қызметкерге және қала тұрғындарына алғыс білдіреміз.

3. Елордада Арыс қаласының 500-ге дейін баласы үшін жазғы демалыс өткізуді қолға алдық. Оларға қаламыздың көрікті жерлері бойынша экскурсиялар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Бұл шаралар 1 шіледеден басталады. Балаларды жатын орынмен Еуразиялық ұлттық университет қамтамасыз етіп, жатақханаларын ұсынып отыр. Сонымен қатар балалар қажетті заттармен, киіммен, мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.

Халықтың бірлігі осындай қиын сәттерде танылады. Еліміздің әрбір азаматы Арыс қаласының тұрғындарына алаңдаушылық білдіріп отыр. Астаналықтар да зардап шеккендерге көмек көрсетуден шет қалмайды- деп хабарлады Алтай Көлгінов
Нұр- Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?