• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУЫ БОЙЫНША ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:REVIZORRO

Июл 5, 2019

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында Агенттіктің бастамасымен бекітілген Әдеп жөніндегі кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының нысаналық бағытындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды.
Атап айтқанда, Кеңес отырысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын-алу бағытындағы келесідей іс-шаралардың қорытындысы баяндалды:
Мемлекеттік қызметшілердің тиісті мемлекеттік орган басшысының әдебімен қанағаттану деңгейін, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы;
Әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке декларацияны қабылдау жолымен парасаттылық деңгейін арттыру мәселесі сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысын реттеу мен болдырмау бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары тыңдалды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің әлеуметтік желілерде белсенді қатысуына және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары оның ішінде, қызметтік этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы материалдарды жариялап, азаматтардың мүддесін қанағаттандыру бойынша жеке қабылдау жұмыстарының жүргізуін жандандыру тапсырылды.
Кеңес отырысының қорытындысымен Департамент тарапынан атқарылған талдау жұмыстарына қатысты қабылданған шешімдерді барлық мемлекеттік орган басшыларына және Әдеп жөніндегі уәкілдерге назарға алып жұмыс жүргізу үшін жолданды.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?