• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Қоғам алдында адал және шыншыл құтқарушылар ұрпағы»

Автор:REVIZORRO

Июл 16, 2019

Ағымдағы жылдың 16 шілде күні аталған тақырыпта ашық диалог форматында кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшының орынбасары А.Рахимов, Жамбыл облсы ТЖД бастығының орынбасары, полковник М.Қосыбаев қатысты.

Кездесу барысында ТЖД бөлімшелерінің қызметі, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі, оның ішінде қызмет атқару барысындағы және қызметтен тыс уақыттағы бейнесі, адам бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті және парасаттылықты қалыптастыру жөнінде кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, қызмет атқару барысында ерлік көрсеткен қызмектерлер туралы айтылды. Кездесуге келген азаматтар қойған сауалдарына тиісті жауап алып, кездесу еркін форматта ашық диалог ретінде өтті.

Жамбыл облысы адалдық алаңы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?