• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Полицейлерге электронды порталдың көмегімен анықтама алудың тиімділігі түсіндірілді.

Автор:REVIZORRO

Июл 22, 2019

Полицейлерге электронды порталдың көмегімен анықтама алудың тиімділігі түсіндірілді- деп хабарлады Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істер департаменті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен бірлесіп полиция департаменті қызметкерлеріне электронды қызмет алу тәртібін түсіндірді.
Шара барысында электронды порталдың көмегімен анықтама алудың тиімділігі, қызмет алушының СМС келісімі бойынша үшінші түлғаның анықтамалар алу сервисі жұмысы туралы, аталған сервис арқылы мекенжай, сотталғандығы болмауы (болуы), жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар алуға болатындығы айтылып, қызметкерлердің сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Сондай-ақ, Telegram-бот арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін пайдалану жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, полиция департаментінің қызметкерлеріне қажетті анықтамаларды ХҚКО орталығына бармай, электронды үкімет порталынан алуды дағдыға айналдыру қажеттілігі айтылды.
Қызылорда облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?