• Вт. Апр 30th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Құтқарушылар 90 жасар қарт әжені құтқарып қалды

Автор:REVIZORRO

Июл 24, 2019

2019 жылдың 22 шілдесінде Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданы 15 үй 28 пәтер тұрғыны Корсаков Александр деген азаматтан 1929 жылы туылған анасының есікті ашпай жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Шақыру бойынша Жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника оқиға орнына барып, 5-қабаттың терезесі арқылы 4-қабаттың терезесінен үй ішіне кірді. Үй ішінде 1929 жылы туылған қарт кісінің тұруға мүмкіндігі болмай, кіре беріс есігінің алдында құлап жатқаны анықталды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақыртылып, қарт кісіні дәрігерлерге тапсырды.

Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?