• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ТҮРКІСТАН: САНАЛЫ ҚЫЗМЕТ – САПАЛЫ НӘТИЖЕ

Автор:REVIZORRO

Июл 26, 2019

2019 жылдың 25 шілдесінде Жастар ресурстық орталығында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша Town hall форматында іс-шара өтті.

Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Түркістан облысы бойынша филиалы, оның аудандық бөлімшелері мен Департаменттің өкілдері қатысты.

Town hall форматында өткен шараның басты мақсаты – басшылық пен ұжымның арасында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қызметкерлерді компанияның күнделікті жұмысына белсенді атсалысуға ынталандыру, мемлекеттік қызмет көрсетудегі тәжірибемен пікір алмасу.

Шарада ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы мемлекеттік қызмет көрсетуде цифрландырудың рөлі жоғары екендігін атап өтіп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын одан әрі жандандыру бойынша өз ойымен бөлісті.

Мемлекеттік корпорацияның 300-ге жуық қызметкері қатысқан бейресми кездесуде «SANA» — сенім, абырой, нәтиже, ашықтық қағидаларының маңыздылығы түсіндіріліп, ХҚКО-ның бірқатар қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды.

Галстуксіз өткен жиында корпорация қызметкерлерінің сервистік мәдениет деңгейін жоғарылатуға бағытталған бірқатар ойын түрлері ойнатылып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?