• Пт. Май 10th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Агенттікте жаңа құрылған бөлімшелердің қызметкерлерін мұқият іріктеу жүргізілді

Автор:REVIZORRO

Авг 5, 2019

Өткен брифингте Агенттіктің 2-нші департаментінің басшысы Сергей Перов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде квазимемлекеттік секторда, құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша құрылған арнайы бөлімшелерге кандидаттарды іріктеу кезінде жеке іскерлік қасиеттері, кәсіби дайындық дәрежесі ескерілгендігін атап өтті.

«Әрбір кандидаттың жедел-тергеу қызметіндегі жоғары нәтижелері ескеріле отырып іріктелді. Әрине, өзі әділ және адал болу қажет.

Біз құқық қорғау және арнайы органдардың кандидатураларын қарастырдық. Олардың ішінде магистранттар мен шетелдік білімі бар тұлғалар (оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша).

Олар бірнеше шетел тілдерін меңгерген, жұмыс тәжірибесі мол. Мемлекеттік органдар мен компаниялар қызметінің түрлі салаларында білім алған», — деді С. Перов.

Сөзінің соңында сыбайлас жемқорлықтың бірде-бір фактісі назардан тыс қалмайтынын және жұмыстың негізгі басымдығы бұрынғысынша жемқорлықтың алдын-алу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою мақсатында әрбір қылмыстық істің тергеу нәтижелері бойынша қылмысқа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізіледі (ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде).

Бұл жұмыс Первенция (Алдын алу) департаментімен өзара іс-қимыл жасау кезінде мемлекеттік органда немесе компанияларда сыбайлас жемқорлықтың нақты фактілерін талдау негізінде жүргізіледі. Олардың қызметіндегі олқылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін белгілеумен және нақты ұсынымдарды әзірлеумен байланысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұл көзқарас Агенттіктің парасаттылық иделогиясы мен жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жүргізіліп келе жатқан жұмыстарымен бірге оң нәтиже береді деп күтілуде.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?