• Сб. Май 11th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Парасаттылық департаментінің жұмыс бағыттары туралы

Автор:REVIZORRO

Авг 8, 2019

Агенттік пен мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған, оның ішінде өңірлік деңгейде жүйелі шаралар қабылдауда.
Парасаттылық департаменті жұмысының басымдықтары мен алдағы жоспарлары туралы БАҚ-мен кездесу барысында депертамент директоры Данияр Сабирбаев айтып берді.

Түсіндіру іс-шаралары
Қоғамда сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру мақсатында Агенттік тұрақты негізде түрлі мақсатты топтар арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізеді. Есепті кезеңде 47,7 мың ұйым, оның ішінде 580 шетелдік компания үшін 2 млн.астам адамды қамтитын дәрістер өткізілді.

Жастар арасындағы іс-шаралар
Осындай түсіндірулердің тиімділігі оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге белсенді түрде тарту болды. Есепті кезеңде «Адал ұрпақ» клубтары 25 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды.
Сонымен қатар, студенттермен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Мәселен, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының тәжірибесі бойынша өңірлерде жас мемлекеттік қызметшілер мектебін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектептер шеңберінде ҚР Президенті жанындағы АМУ филиалдарында қысқа мерзімді оқыту және мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту ұйымдастырылды, бұл мемлекеттік қызметтің тартымдылығына оң әсерін тигізеді және студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасының артуына ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық сарапшыларды тарта отырып, 150 мемлекеттік қызметші үшін тренинг-семинарлар өткізілді.
Интернет кеңістігінің әлеуеті де кеңінен пайдаланылады. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қарым-қатынасты қалыптастыру үшін 94 вайн дайындалды. Сондай-ақ, 1,4-тен астам әлеуметтік сұхбат ұйымдастырылып, онда қатардағы азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды.

Парасаттылық департаментінің жұмысы жобалық менеджмент қағидасына негізделген.
Атап өтсек, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым бюджетін пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы құрылды, ол 600 миллиард теңгеден астам сома жұмсалған Нұр-Сұлтан қаласының жолдарын, балабақшаларын, мектептерін, емханаларын және ауруханаларын салуға, жөндеуге және ұстауға арналған бюджет туралы мәліметтерді көрсетеді.
Бұл жоба бюджет қаражатын қоғам бақылауында ұстаудың бір тетігі.

Екіншіден, «Саналы ұрпақ» жобалық офисі мектептер мен жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Жоба басынан еліміздің жоғары оқу орындарында, колледждерінде, мектептерінде және мектепке дейінгі мекемелерінде 268 кездесу, 143 дөңгелек үстел, 9 форум және слеттер, флэш-моб, дебаттар, конкурстар, «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының слеттері түрінде 71 акция өткізді.
Алматы қаласы мен республиканың оқу ұйымдарының қызметіне талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау барысында «Sanaly Urpaq» жобалау кеңсесі Алматы қаласының мектептері мен колледждеріне 17 ұсыныс енгізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін зерттеу және шараларын әзірлеу мақсатында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында екі рет жасырын сауалнама жүргізілді.

Үшіншіден, ағымдағы жылдың наурыз айында Агенттік, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту Министрлігі және «Қазақстан темір жолы ҰК АҚ арасында темір жол тасымалы саласындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша Жол картасына қол қойылды.
Жол картасы жолаушы және жүк темір жол тасымалдарындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге, кадрлық және ұйымдастыру-бақылау шараларын қабылдауға, бизнес-үдерістерді реинжинирингіне және оларды автоматтандыруға бағытталған.
Жолаушылар темір жол тасымалдары бағыты бойынша ескірген бағдарламаның орнына жолаушылар темір жол тасымалдары бойынша билеттерді сатудың жаңа ақпараттық жүйесін енгізу сияқты түбегейлі өзгерістер көзделген.
Бұл шара билеттерді сатып алу кезінде ашықтық қағидатын құруға бағытталған және делдалдардың билеттерді жаппай сатып алу мүмкіндігін болдырмауға, сондай-ақ билеттерді сату саласында махинацияны жоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, билеттерді сатып алу процестерін автоматтандыруға және электрондық сату үлесін арттыруға бағытталған іс-шаралар іске асырылуда. Бұл-билеттерді сату бойынша сайтты жаңғырту, мобильді қосымшаны құру, өзіне-өзі қызмет көрсететін электрондық терминалдардың санын арттыру және электронды тәсілмен билеттерді сатуды көпшілікке тарату сияқты шаралар.
Оның қорытындысы бойынша билетсіз жүрудің 465 фактісі, пойыздардың техникалық жай-күйінің 42 бұзушылығы және ресімделмеген жолжүгінің 37 фактісі анықталды.
Аталған фактілер бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да 130 қызметкер жұмыстан шығып, 26 адам лауазымдарында төмендеді.

Төртіншіден, автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдерді қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК жанындағы «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді.
Жобалық кеңсенің мақсаты менеджменттің халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелеріне сәйкес келетін орталық қызметінде парасаттылық саясаты мен қағидаттарының комплаенсін енгізу болып табылады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
Нұр- Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?