• Пт. Май 10th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы полицейлері адам өлтіріп бірнеше жылдар бойы іздеуде жүрген ер азаматты ұстады

Автор:REVIZORRO

Авг 12, 2019

Сарыағаш АПБ-нің полицейлері ТО ПД-нің Криминалды полиция қызметкерлерімен бірге 4 жылға жуық іздестірілуде жүрген, аса ауыр қылмыс жасаған жергілікті тұрғынды ұстады. 22.05.2015 жылы түнгі уақытта Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Сарыағаш ауданының ауылында орналасқан емханаға «екі аяғы атыс қаруымен жарақатталған» деген диагнозымен, ер адамның денесі жеткізілгендігі туралы хабарлама келіп түседі.

Полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, бір ауылдың тұрғындары жәбірленуші мен күдікті арасында түсінбеушілік туындап, соңы ерегіске ұласқандығы белгілі болады. Содан жәбірленушіні басты күдікті қасындағы екі танысының көзінше, өзінің анықталмаған екі ауыздық мылтығымен атып, қасақана қазаға ұшыратқаны анықталған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған. Куәгерлерден жауап алу барысында 26.05.2019 жылы күдіктінің түр-тұлғасы анықталып, аса ауыр қылмыс жасаған тұрғынның тергеуден жасырынып, бой тасалап жүргендігі ескеріліп, оған іздестірілу жарияланған. Осы жылдар аралығында тәртіп сақшылары қылмыскерді іздестіруді жүйелі түрде жүргізіп, істі тоқтатпай және барлық полиция бөлімдеріне, тіпті Халықаралық деңгейде іздестіру жұмыстарын жасайд

Аталмыш қылмыстық істі ашу мақсатында Сарыағаш АПБ-нің полицейлері адам өлтірген күдіктіні ұстау үшін қажетті деген барлық іс-шараларды жылдам іске асырды. Күдіктінің Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында жүргендігі анықталып, ұсталады. 01.07.2019 жылы күдікті Ресей Федерациясынан Шымкент қаласындағы ИЧ-167/11 мекемесіне жеткізілді.

Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ-нің тергеу бөлімшесімен осы қылмыстық іске байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?