• Пт. Апр 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ТарМПУ-да ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Автор:REVIZORRO

Авг 21, 2018

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің өкілі Жаңабай Миллионов, Тараз қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдікешова Күләш Әмединқызы қатысты. Алғашқы құттықтау сөз Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының м.а., э.ғ.к., доценті Орынқыз Джолдасоваға берілді.

«Қариясы бардың қазынасы бар» — деп өскен біздер үшін үлкеннің ақылын алып, өмірлік тәжірибесін үйрену — ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өнеге, — деп Елбасымыз атап көрсеткендей ардегерлерге қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей бірінші кезекте халықтың әлауқатын арттыруды, материалдық даму және экономикалық мәселелерді шешуде университет Ардагерлер Кеңесі облыстық және Тараз қалалық ардагерлер ұйымдарымен бірлесе облыста қоғамдық жұмыстарға атсалысып келеді.

Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымыздың еселі еңбегінің жемісі – университет статусын алғанымыз соның бірден – бір дәлелі.

Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз.

Сонымен қатар, конференцияда Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ардегерлер кеңесінде атқарылған жұмыстар бойынша кеңес жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мүслімов Билібай Мүслімұлы, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы және Тараз қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әбдікешова Күләш Әмединқызы өз құттықтауларымен, ізгі ықыластарын білдірді.

Сондайа-ақ, жиын барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының м.а., э.ғ.к., доцент Орынқыз Көпбосынқызы ардагерлерімізге арнайы алғыс хаттарын табыстады.

Қатысушыларымызды тек құттықтап қана қоймай қосымша музыкалық нөмерлерде орын алды. Ардагерлерімізден құралған топ Шәмші Қалдаяқовтың әңдерін орындаса, Мәдібек Айбектің «Туған жер» және Алипбаев Жандостың және Аманов Нұрбектің орындауында «Астана» әні шырқалды. «Томирис» бишілер тобы «Вальс» биін қатысушы көрермендерге ұсынды. Жиын соңында келген қонақтарымызға гүл шоқтары тарту етілді.

«REVIZORRO»

Жамбыл облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?