• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО: Бөрлі ауданының прокурорлары бюджетті толтырды

Автор:REVIZORRO

Окт 2, 2019

Бөрлі ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен экологиялық қылмыспен келтірілген 28,2 млн. тенгенің залалы мемлекет пайдасына өндірілді.

Атқарушылық құжаттарды зерделеу барысында Бөрлі аудандық сотының 2017 жылғы 28 ақпандағы үкімімен С. Қылмыстық кодекстің 325-бабы 1-бөлігімен (экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу) кінәлі деп танылып, 71-баптың талабына сәйкес ескеру мерзімінің өтеуіне байланысты жауаптылықтан босатылғаны анықталды.

2017 жылғы 9 тамызда сотпен Экология департаментінің арызы қанағаттандырылып, 28 210 958 теңге көлеміндегі қоршаған ортаға келтірілген залал сотталған азаматтан өндірілген.

Алайда борышкер тек аз бөлігін төлеп, сол үшін ол ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір тәулікке қамауға алынған.

Тек прокурордың нұсқауынан кейін ғана сот орындаушысы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 60-бабына сай борышкердің атына тіркелген жер учаскесінің бөлігін өндіріп алуды қолданды.

Осы туралы хабарлағаннан кейін, коммерциялық мақсаттағы және Ақсай қаласының ортасында орналасқан жердің екінші ортақ иесі борышкердің үлесін сатып алды.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізудің нәтижесінде атқарушылық құжат толық орындалып, мемлекет пайдасына 28,2 млн. теңге өндірілді.

Айтып өту қажет, аудан прокуратурасымен а.ж. 9 айында мемлекет пайдасына 31 млн. теңге өндірілді, әкімшілік жауапкершілікке 11 борышкер тартылды.

Бауыржан Ахметжан

БҚО прокурорының аға көмекшісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?