• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қаланың бас полицейі жас спортшыларға қолдау көрсетті

Автор:REVIZORRO

Окт 26, 2019

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетов қаламызда Кенесары Қасымұлын еске алуға арналған бокстан 2006-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан республикалық турнирге барып, департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.

Жыл басынан департамент №4 балалар үйін қамқорлығына алумен қатар, балаларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы өздері дамып, алдарына мақсат қойып соларды орындауға бейім болса, яғни өмірде өз-өздерін қорғай алу мақсатымен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін бекіткен. Жасақ қызметкерлері аптасына екі рет барып, түрлі спорт түрлерінен жаттықтыруда.

Соның нәтижесінде бүгінгі күні №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Байымбетов Руслан — 28, Асланбек Оразхан — 46, Асланбек Нұрмаханбет — 48, Күлкібаев Мұхаммед — 52, Нұржанұлы Елхан — 52 келі салмақ дәрежесінде аталған додада бақ сынасып, жеңіске жетті.

Алдағы уақытта да спортшы балаларымыз олимпиада чемпиондары болатындарына сенім білдіреміз.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?