• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарағандыда Өрт сөндіру — құтқару спорты бойынша 2020- әлем чемпионаты өтеді

Автор:REVIZORRO

Окт 28, 2019

Келесі жылы Қарағандыда Өрт сөндіру — құтқару спорты бойынша 2020- Әлем чемпионаты өтеді.

Чемпионатқа әлемнің 20 елінен аса, 400-ден астам спортшы мен делегат қатысады. Әлем чемпионатына бірден екі іс-шара кіреді: өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVІ әлем чемпионаты, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы VIІ әлем чемпионаты.

Өрт сөндіру-құтқару спортына деген қызығушылық тек қана өсуде, келешекте ол Олимпиада бағдарламасына енгізілуі мүмкін, бұл ретте өрт сөндірушілер үшін бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар мамандарды даярлау саласында тәжірибе алмасу.

Спорт — күнделікті жұмысқа қажетті дайындықтың негізі болып табылады,өйткені біздің жұмысымызда әр секундтың маңызы зор.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілердің 100 метрлік жолағын еңсеру, жауынгерлік қанат жаю және 100 метрден 4 өрт сөндіру эстафетасында жарысатын болады.

Қазақстанда бұл чемпионат араға алты жыл салып 2020 жылы Қарағанды қаласында өтеді, алғаш 2014 жылы Алматы қаласында өткен болатын.

Өрт-қолданбалы спорт 1937 жылы КСРО-да пайда болды. Алайда, көп ұзамай ол Еуропада тарады және жарыстар, ұлттық чемпионаттар, халықаралық біріншіліктер өте бастады.

Тотия Енсебаева

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?