• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Арыстық азаматтар, көп балалы аналар баспаналы болды.

Автор:REVIZORRO

Ноя 13, 2019

Жарылыстан үйі жарамсыз болып қалған және жылдар бойы өзгенің босағасын паналап жүрген арыстық 100 отбасы баспаналы болды. «Баламекен» жаңа ауданынан үй алған мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен жетім жандардың қуанышында шек жоқ. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ұйытқы болуымен, Болат Өтемұратов қоры Арысқа жаңа шағын аудан салып берді- деп, Түркістан облысының баспасөз қызметі хабарлады.Арыстағы жарылыс, қаншама қазағымның тыныштығын бұзып, үрейге көмілген көңілдері құс ұшса қорқатындай дәрежеге де келіп қалған еді.
Міне бүгін Арыста үлкен қуаныш. Халықтың көңілі көтеріңкі, күлімдеген жүздерінде шүкіршілік пен бақыт самалы ескендей. Балапандардың қуаныштарында шек жоқ десек қате болмас, жаңадан құрылған «Баламекен»ауданында үйлердің аулаларындағы ойын алаңшаларында көңіл көтеріп жүр. Президентімізге, үкімет басшылары мен облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевке рахмет айтамыз. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын ағайын.
Арыстықтарды жаңадан бой көтерген «Баламекен»ауданы мен және жаңа пәтер егелерін қуаныштары мен құттықтаймын- деп жазады Сардар Әбдіжақия өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде.
Түркістан облысынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?