• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аймақаралық байланыс инспекциясы басшысының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді

Автор:REVIZORRO

Ноя 15, 2019

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша аймақаралық байланыс инспекциясы» басшысының міндетін атқарушыға қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, белгіленген тыйымға қарамастан, жұбайының атына тіркелген байланыс саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын «Ғасыр Қазсвязь» ЖШС-ін басқаруға қатысып, осы ЖШС-ға артықшылықтар мен қамқорлық көрсеткен.

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергеніне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?