• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

11 адам ішінде 8-і жан сақтау бөлімінде жатыр

Автор:REVIZORRO

Ноя 24, 2019

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 11:00 шамасында Алматы-Термез автожолының 765 шақырымында Түркістан облысы Қазығұрт ауданының аумағында 4 автокөлік соқтығысты: екі Нексия автокөлігі, Джетра және Хундай көліктері бір бағытта келе жатқан. Нәтижесінде ЖКО салдарынан Хундай автокөлігі өртенді.

Әр түрлі дене жарақаттармен ауруханаға 15 адам жеткізілді. Қазіргі уақытта ауруханада 11 адам, оның ішінде 8 адам жансақтау бөліміне жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде Түркістан облысы ПД -нің тергеу-жедел тобы жұмыс атқаруда.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын толық анықтауда.

Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков барып, аудандық ауруханаға түскен зардап шеккендердің жағдайымен танысты.

Генералға аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байтугелов айтқандай : «Қазіргі уақытта ауруханада 11 адам бар, оның 8-і жан сақтау бөлімінде, бір зардап шеккен адамға ота жасалды, қалғандарына хирургиялық көмек қажет емес. Зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық».

Полиция генерал-майоры Қ. Дальбеков атап өткендей:

«Бұл республикалық маңызы бар жол. Жол-көлік оқиғасы ауа райының салдарынан көктайғақ пайда болған көпірде орын алды. Сондықтан жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау, маневр жасау ережелерін бұзбау, бір-біріне құрметпен қарау, жол бойында орналасқан жол белгілеріне назар аударуларыңызды өтінеміз. Сондай-ақ, жазғы автокөліктердің дөңгелектерін қыс мезгіліне қайта жабдықтау қажет және тағы да жол қауіпсіздігін, әсіресе мұндай қолайсыз ауа райында абай болуды ескертеді «.

Аталған жол-көлік оқиғасы жайты бойынша облыс анықтаушылары ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті хабарлады.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?