• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Өз баспанаңды өрттен сақта!

Автор:REVIZORRO

Окт 5, 2018

Қауіпсіздік адамдар үшін су, тағам, киім және баспана сияқты маңыздардың бірі. Тұрғын үйдегі өрт – ол үлкен қайғы. От өз жолында барлығын жояды,санаулы минуттардың ішінде адамдар баспанасыз және көптеген жылдар бойы жинаған дүние – мүліктерінен, ал кейде баға жетпес адам өмірінен айырылып жатады. Статистика көрсеткіштеріне сүйенсек, жыл бойы ең көп орын алатын өрт орындарында, тұрмыстық өрттің үлесі басым.

Өсы жылдың басынан Тараз қаласы аумағында 156 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 млн. теңге материалды шығын келтірген. От құшағында 6 адам көз жұмып, 3 адам әр түрлі дәрежелі жарақаттар алған.

Жасалған талдау бойынша 70 % өрт оқиғасы жеке тұрғын үйлерде орын алған.

Осы көрсеткіштерге байланысты, осы жылдың қазан айында, өрт қауіпсіздік айлығы кезенінде Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызмет» ММ қызметкерлері, Жамбыл облысы ІІД жергілікті полиция қызметкерлері және Тараз қаласы әкімінің өкілдерімен бірлесе отырып Тараз қаласы аумағында тұрғын секторында тұрғын үйлерін аралаумен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарының арасында тұрмыстық өрттің алдын алу туралы жаднамалар таратылып, пеш жағу кезінде және қоқыстарды жақын орналасқан қосалқы құрылыстардың жанында жақпаулары туралы түсіндірме жұмыстарыда атқарылды.

Осы бақыттағы жұмыс жалғасуда.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының

азаматтық қорғау подполковнигі Айтбаев Талгат

«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?