• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Іздеуде жүрген медициналық мекеменің бас есепшісі Шығыс Қазақстанда ұсталды

Автор:REVIZORRO

Дек 6, 2019

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу бойынша аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікпен халықаралық іздестіруде жүрген «Меновное ауылының дәрігерлік амбулаториясы» ШЖҚ КМК-ның бас есепшісі ұсталып, Өскемен қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол 38 млн теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару арқылы ұрлады деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде, басқа ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?