• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

Автор:REVIZORRO

Дек 7, 2019

Бүгін Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылу күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік жиынды ашқан облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев прокуратураның ең негізгі бағыты заңның үстемдігін қамтамасыз ету және халыққа қызмет жасау екендігін айтты.

Прокурорлар әрқашан азаматтардың конституциялық құқықтарын, оның ішінде мүгедектер мен кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғауды басты назарда ұстайтынын жеткізді.

Облыс әкімі Ғали Искалиев прокуратура ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, ардагерлер Бақытжан Сарбасовқа, Махмуд Қадыровқа, Жеңіс Капезовке, Ғарифолла Жапашевке, Айман Онаеваға және Ерлан Жануровқа алғыс хат табыстады.

Өз қызметтерін мінсіз, адал атқарып, жоғары нәтижелерге жеткен қызметкерлер «Прокуратура үздігі», «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, Бас Прокурордың және облыс прокурорының грамоталарымен марапатталып, сыныптық шендер берілді.

Сонымен бірге төрт жас қызметкер ант қабылдады.

Жиын соңында Жандос Өмірәлиев ардагерлер мен прокуратура ұжымын тағы да құттықтап, оларға мықты денсаулық, қызметте сәттілік және жанұя бақытын тіледі.

Іс-шара концертпен аяқталды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?