• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

БҚО: Курстардың қорытындылары туралы

Автор:REVIZORRO

Дек 20, 2019

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кадрлық потенциалын нығайту және арттыру мақсатында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен курстар өткізіледі.

Сондай-ақ оқыту курстары Академияның өкілі А. Аманқұловпен прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында ұйымдастырылды.

Осы жылы 7 курс өткізіліп, оған 88 қызметкер, оның ішінде Экономикалық тергеу департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 6 қызметкері қатысты.

Оқу процесіне тәжірибемен алмасу үшін судьялар, прокурорлар, адвокаттар, сарапшылар және тергеушілер тартылды.

Сонымен қатар, 33 жас маманға «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі», «Е- қылмыстық іс», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Oracle BI» ақпараттық-талдамалық жүйелері онлайн режимде түсіндірілді.

Сынақтан өткеннен кейін қызметкерлерге курсты аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.

Прокуратураның алты қызметкері курстардан кейін жоғары тұрған лазауымға тағайындалды.

Біліктілікті арттыру курстары қызметкерлердің дағдыларын жетілдіруге және кәсіби кадрлық құрамды қалыптастыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

БҚО прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?