• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде пойыздардың 2400-ден астам жедел тежелу фактісі тіркелді

Автор:REVIZORRO

Дек 23, 2019

Жыл басынан бері елімізде пойыздардың 2429 шұғыл тежелу фактісі тіркелді. Темір жол төсемінің белгіленбеген жерлерінен кесіп өткен 1011 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде адамдардың болу себебінен — 622, жануарларға байланысты — 1704, автокөліктерге байланысты — 23, тоқтату кранын жұлып алу бойынша — 80.
Мәселен, Петропавлск станциясында жүк поезының машинисті адам қағуды болдырмау мақсатында шұғыл тежеуді қолданды. Нәтижесінде, оқыс оқиғаның алды алынды.
Тексеру барысында, көлік полициясы қызметкерлері Петропавл қаласының 50 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7575 теңге көлемінде 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың басынан бері Департамент бойынша 2429 шұғыл тежеу фактісі тіркеліп, 1011 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова «Жазатайым оқиғалардың алдын алу, жолын кесу мақсатында көлік полициясы қызметкерлері халыққа темір жол нысандарындағы тәртіп ережелерін түсінідіріп, түрлі алдын алу шараларын өткізіп тұрады» — деп, атап өтті.
Оның айтуынша «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ!» тақырыбы аясында 3160 бірлескен алдын алу іс-шаралары жүргізілген. Оның ішінде халықпен жиын — 712, жолаушылар поездарындағы кездесу — 945.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?