• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарағанды облысындағы құтқару жұмыстары

Автор:REVIZORRO

Янв 23, 2020

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды. Автожолдарды уақытылы жабу, сондай-ақ, ТЖ департаментінің күштері мен құтқару техникаларын көшіру мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Өткен тәулікте Қарағанды, Теміртау, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Ақтоғай және Ұлытау аудандарында адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Қарағанды облысының ТЖ департаментінің күшімен 18 құтқару операциясы жүргізілді, оның барысында 47 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала, 2 адам эвакуацияланды, сондай-ақ 2 жеңіл автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Қарағанды қаласында қар құрсауында тұрып қалған автокөліктен 2 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Теміртау қаласында Карьерная станциясында қар құрсауында тұрып қалған жұмысшы автобустан 30 адам құтқарылды.

Ақтоғай ауданының Қасабай ауылынан 1983 ж. т. жүкті әйел Ақтоғай ауылының медициналық мекемесіне жеткізілді.

Осакаров ауданында «Осакаровка-Нұра» автожолының 5 шақырымында қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөліктен 1 адам құтқарылды. Осы автожолда 16 шақырымда қар құрсауында тоқтап қалған көліктен 5 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1388 шақырымында техникалық ақаулы фурадан 2 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың барлығы Осакаровка ауылына жеткізілді.

Ұлытау ауданында «Осакаровка-Нұра» автожолының 25 шақырымында қар құрсауынан 1 адам болатын автокөлік тазаланған учаскеге шығарылды.

Нұра ауданында «Нұра-Осакаровка» автожолының 40 шақырымында қар құрсауынан 2 адам болған автокөлік шығарылды.

Бұқар Жырау ауданында «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1080 шақырымында техникалық ақаулы фурадан 2 адам құтқарылды, олар Теміртау қаласына жеткізілді.

Абай ауданында Сарептадан солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде 1964 жылы туған ер адам табылды және Шахтинск қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында дабылды ескерту бар!

ТЖ департаменті ескертеді: төмен температура, жолдардың қары, көктайғақ, көрінудің шектелуі кезінде жол жүруден бас тартуды ұсынады.

Жүргізушілер автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты бақылап, автомобильдің жарамдылығын мұқият тексерулері қажет. Қауіпсіздік шараларына қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автомобильдердің иелері мен жүргізушілеріне ерекше назар аударуды сұраймыз.

Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат «Дармен»мобильдік қосымшасында қол жетімді.

Қарағанды облысы ТЖД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *