• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Мемлекеттік лауазымнан шығарылды

Автор:REVIZORRO

Янв 23, 2020

БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасының тексерісімен шетелге 2,5 мың тонна балықты экспорттауға негіз болған 232 ветеринариялық сертификаттардың заңсыз берілгендігі анықталды.

Анықталғаны, 2017-2019 жылдарда жалғыз құрылтайшысы және басшысы азамат М. болып табылатын «Б» ЖШС, «А» ЖШС, «И» және «К» жеке кәсіпкерлері сертификат алу үшін «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-не жалған ветеринариялық зертхананың сынақ хаттамаларын ұсынған.

Сондай-ақ азамат М. өтінішке ауланған балықтың шығу тегі туралы жалған анықтамаларды тіркеп отырған.

Ал олар тек орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен беріледі («Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» АШМ 21.05.2015 жылғы №7-1/453 бұйрығы).

Бұдан бөлек, ветеринариялық-санитарлық инспекторлар ұсынылған құжаттарды тексермеген, сынақ хаттамаларын зерделемеген және тасымалданатын балықты қарамаған.

Соныме қатар, берілген сертификаттардағы балықтың түрі мен балықтың шығу тегі туралы анықтамалардағы балықтардың түрлері сәйкес келмейтіні анықталды, ал инспекторлар балықтың көлемінің есебін жүргізбеген.

Мысалы, 15.02.2017 жылғы анықтама бойынша ауланған балықтың көлемі 148 тоннаны құраса, ал оның негізінде инспекторлар берген сертификатта балықтың салмағы 302 тонна деп көрсетілген.

Осылайша кәсіпкердің заңсыз әрекеті мен ветеринариялық-санитарлық инспекторлардың әрекетсіздігі салдарынан мемлекетке 5 млрд. теңге көлемінде залал келтіріліп, ол орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қорытындысымен дәлелденеді (ҚР АШМ-нің 03.12.2015 жылғы №18-03/1058 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесі»).

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде Әдеп жөніндегі кеңеспен кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

17.01.2020 жылғы бұйрықпен Бәйтерек ауданының ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы Ж.Б. Уталимов және мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспектор А.Т. Жолдаубаева мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергендері үшін лауазымдарынан шығарылды.

Бауыржан Закиұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *