• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемесінің басшылығы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Автор:REVIZORRO

Янв 27, 2020

Бұл туралы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ басшысы және осы басқарманың бөлім басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олар қызметтік өкілеттіктеріне кіретін іс-әрекеттер үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта екі эпизодпен жалпы сомасы 650 мың теңге пара алу бойынша айып тағылды.

Мекеме басшысына қатысты үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасы ретінде санкцияланды.

Бұдан басқа, аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу нәтижесінде ірі мөлшерде пара алуға бағытталған, олар жоспарлаған басқа да қылмыстардың алдын алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?