• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ауылдық округ әкімдері және олардың орынбасарлары өздерінің білімін толықтырды

Автор:REVIZORRO

Фев 14, 2020

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттерінің бірі орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау, сондай-ақ халықты оқыту болып табылады. Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің базасында апта сайын азаматтық қорғау саласында оқыту курстары өткізілуде, онда тыңдаушыларға ТЖ туындаған жағдайда әрекет ету дағдылары үйретіледі. Жыл сайын департаментте 500-ден астам маман оқытылады.

2020 жылдың 14 ақпанында тыңдаушылардың кезекті тобы өз оқуын аяқтады. Курстар 3 күн бойы 12-14 ақпан аралығында ауылдық округ әкімдері және олардың орынбасарлары санаты бойынша өткізілді. Оқу кезеңінде тыңдаушыларға азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету негіздері, ТЖ психологиялық аспектілері және т.б. жеткізілді.

Курс соңында тыңдаушылар тестілеуден өтіп, жоғары нәтижелер көрсетті, сондай-ақ азаматтық қорғау саласында дайындық пен қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттар алды. Тыңдаушылар Департамент басшылығы мен барлық оқытушылар құрамына оқытқаны үшін алғыстарын білдірді.

Оқу курстарынан өту үшін Департамент бастығының атына хат жіберу жеткілікті, онда оқу санатын, курстардан өтетін күнін және ұйымның атауын көрсету қажет.

Анықтама телефондары: 99-90-58, 45-57-20.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Азаматтық қорғаныс бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?