• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Елордада 6 блокпост орнатылды.

Автор:REVIZORRO

Мар 18, 2020

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу шаралары күшейтілді. Елордада 6 блокпост орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. Сондай-ақ, Ақмола облысының әкімдігі Шұбар ауылының ауданында блокпост орнатты.
Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендерінің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Оларға жұмыс орнынан анықтама қағаз немесе мекенжай тіркелімін растайтын құжат қажет емес. Бұл елді-мекендер карантиндік аймақтың шекерасына енгізілді.

Блокпостарда бақылау аймақтары, палаткалар, тамақ қабылдау пункттері және қызмет көрсету пункттері орнатылады. 19 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап елордада карантин режимі енгізіледі. Қалада жедел штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған кезде іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Азаматтарды ретсіз үйден шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?