• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жыл басынан автотұраққа дұрыс қоймағандарға 297 әкімшілік хаттама толтырылды

Автор:REVIZORRO

Мар 20, 2020

Көліктердің көптігі және автотұрақтарға дұрыс қойылмауы жол қозғалысында кедергілер туындатады. Осыған байланысты полиция қызметкерлерімен көшелер мен жол жүру бөліктерінде белгіленбеген жерлерге көліктердің қойылуына қатысты күнделікті тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Тараз қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабымен (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, екінші және үшінші бөлімдерінде көрсетілген жағдайларды қосқанда бес айлық есептік көрсеткіштегі айыппұл салынады) 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ жыл басынан бері аталған құқық бұзушылық бойынша 297 әкімшілік хаттама жасалған.

Сонымен қатар, құқық бұзушылық анықталған кезде иелері жанында болмаған автокөлік құралдары жүк көліктерінің көмегімен арнайы айыптұрағына жеткізіледі. Мысалға, облыс орталығында осындай жағдайдағы «Volkswagen» маркалы автокөлігі айыптұраққа қойылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің әртүрлі баптары бойынша жыл басынан бері 42 көлік тұраққа дұрыс қойылмағаны үшін эвакуацияланған.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жүргізушілерге арналған тұрақ та полицияның күнделікті бақылауына алынған. Бұл тұрақтарға қатысты құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 597-бабының 4-бөлігімен (Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) он айлық есептік көрсеткіште айыппұл қарастырылған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?