• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

200-ге жуық шымкенттік еріктілер полиция қызметкерлерімен бірігіп профилактикалық іс-шараға өз үлестерін қосты

Автор:REVIZORRO

Мар 23, 2020

Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Мурат Алтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кіріскелі тұрған Қаратау және Абай аудандарының Полиция басқармаларының қызметкерлерімен кездесіп, сап түзеген полиция қызметкерлерінің қызметке әзірлігін тексеріп, елімізде төтенше жағдай туралы ақпарат беріп, міндеттерді баяндап, тиісті тапсырмалар берді. Төтенше жағдай кезіңде еріктілер полиция қызметкерлерімен бірге қала тұрғындарына індеттің қауіптілігін түсіндіріп, үйлерінен мүмкіндігінше шықпауға, қозғалысты шектеуге, халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды шақырды.

Профилактикалық іс-шарасын жүргізуден алдын полиция қызметкерлері әрбір еріктіге қауіпсіздік құралдарын (бетберде, қолғап және антисептик) таратты. Іс-шара барысында қаладағы аулаларда, адам көп жиналатын орындарда жүрген азаматтармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбеген мекемелердің әкімшілігі ескертілді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтық белсенділігін танытқан еріктілерге және аталған іс-шараға түсіністікпен қараған тұрғындарға алғысын білдіреді!

Шымкент қаласы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?