• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ең көп лүпіл жинаған видео Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының ресми парақшасына жарияланады.

Автор:REVIZORRO

Мар 26, 2020

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы биыл 175 жылдық мерейтойы тойланғалы отырған қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының жырларын жатқа оқудан #абайдыоқытаңырқа челленджін жариялады.

«Құрметті, ата-аналар! Елімізде төтенше жағдайлар орын алғаны баршаға белгілі. Дегенмен, еңсемізді түсірмей, Елордамыздың бүлдүршіндерін жаңа дүниені білмекке шақырамыз. Оқу-білім қашан да көкірек көзін ашатын рухани азық болып қала бермек», — делінген Білім басқармасының мәліметінде.

Челленджге қатысу үшін ата-аналар балаларымен бірге Абай өлеңдеріне бір минуттық видео түсіріп, аты-жөнін жазып және #ABAI175JYL #ABAI175LET хештегімен @modernastana инстаграмм парақшасына жүктеуі тиіс.

Челлендж сәуір айының 15-іне дейін жалғасын табады. Ең көп лүпіл жинаған видео Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының ресми парақшасына жарияланады.

Нұр-Сұлтан қаласында 19 наурыздан бері карантин енгізілуіне байланысты, мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері демалысқа жіберілді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?