• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Барлық 129 Iqala қызметі цифрландырылған және www.iqala.kz сайтында қол жетімді.

Автор:REVIZORRO

Мар 26, 2020

«Барлық 129 Iqala қызметі цифрландырылған және www.iqala.kz сайтында қол жетімді. Кез-келген адам онлайн-кеңестерді қалқымалы терезе арқылы, сондай-ақ 109 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ала алады», — деп хабарлады https://t.me/MBekturova телеграм каналында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Бектұрова.

Қала әкімнің орынбасары барлық қызмет түрлері жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді деп атап өтті.

Қызметтер тізімі порталдың басты бетіне орналастырылған. Кез-келген қызмет түрін онлайн режимде алу үшін электронды цирфлық қолтаңба арқылы жеке кабинетте авторизациядан өту қажет. Ары қарай 129 қызмет түрінің кез-келгеніне өтінім бере аласыз.

«IQala» қалалық қызмет көрсету орталығы астана тұрғындарына тұрғын үй — коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.

«iQala» негізгі міндеттері: технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша бастамаларды ұсыну; кәсіпкерлікті дамытуды және әлеуметтік интеграцияны ынталандыратын жүйелерді біріктіру; автоматтандыру және қызмет сапасын арттыру.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?