• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қарт адамдарға дәрі-дәрмектер мен медициналық қорғаныс құралдарын үйге жеткізіп жатыр

Автор:REVIZORRO

Мар 25, 2020

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген егде жастағы адамдарға 25 наурыздан бастап дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдары үйге жеткізеле бастады. Өтінімді iKomek 109 нөмірі бойынша, сондай-ақ iKomek 109 мобильді қосымшасы, Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot), Smart Astana, aitu.city порталы арқылы қалдыруға болады.

Өтінімде тұрғынның аты-жөні, ЖСН, мекен-жайы, байланыс нөмірі, дәрілердің тізімі, қалалық емхананың нөмірі және дәрігердің деректері көрсетілуі тиіс.

«Бұл індетті жасы үлкен, созылмалы дерттері бар азаматтар көтере алмай жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысында дәрі-дәрмектерді үйге жеткізуге шешім қабылдадық. Қарт адамдар үйден шықпай, өз денсаулығына жіті көңіл бөлулері маңызды. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға кепілді әлеуметтік пакетті үйге жеткізетін боламыз. Бізге еріктілер көмектеседі. Барлық қызметкерлер қауіпсіздік шараларын сақтайды, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қажетсіз үйден шықпау керек», — деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қала әкімдігі «Фармация» СҚ — мен бірлесіп дәріханаларға маскалар мен антисептиктерді әкелу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бір апта ішінде 650 мыңнан астам маска әкелінді. Қалаға қосымша маскалар мен медициналық қорғаныс құралдары әкелінеді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?