• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбылда 16 блок-бекет жұмыс істейді

Автор:REVIZORRO

Мар 28, 2020

Жамбыл облысында 16 блок-бекет жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде короновирус инфекциясын жұқтырған үш жағдайдың анықталуына байланысты Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындардан аса қажеттілік туындамаса автокөлікпен жүруді шектеуді сұрайды. Қазіргі уақытта облыс аумағында және Тараз қаласында кіруге және шығуға тыйым салынбаған, алайда, азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау үшін көрші өңірлерге шекараны кесіп өтетін автокөлік ағынын шектеу қажет.

Жұқпалы аурудың таралуына жол бермеу мақсатында облыс бойынша жүргізушілерді, жолаушыларды және автокөліктерді тексеруді жүзеге асыратын 16 блок-бекеттері құрылып, полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарап, тек өзінің ғана емес, айналасындағылардың да денсаулығына жауапкершілік танытып, төтенше жағдай кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауды сұрайды.

Төтенше жағдай режимін бұзушыларға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Жамбыл облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?