• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Елордада пневмония және ЖРВИ-мен ауырғандарға арнайы корпустар ашылды

Автор:REVIZORRO

Мар 29, 2020

Тыныс алуы қиын адамдарға және жедел респираторлы вирустық инфекциялар диагнозы бар пациенттерге уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 2 орталық анықталды. Сонымен бірге бұл орталықтарда оларды коронавирусқа тексереді.

Біріншіден, орталық жол ауруханасының терапиялық корпусы пневмониясы бар пациенттерді ғана қабылдайды. Блокта оқшауланған қабылдау-диагностикалық бөлімше ұйымдастырылған. Пациенттерді коронавирусқа да тексеретін болады.

Екіншіден, №2 қалалық емхана базасында (Желтоқсан көшесі, 36) ЖРВИ белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

Сондай-ақ, үш көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктарында барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған, жүкті әйелдерді қабылдау үшін жеке кіретін есігі бар перзентханалар ұйымдастырылды. Осы шаралардың барлығы уақытылы медициналық көмек көрсетуге және инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?