• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Нұр-Сұлтан қаласында 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төлене бастады.

Автор:REVIZORRO

Мар 30, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төлене бастады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай режимі салдарынан уақытша жұмыссыз қалған адамдар қаржылай көмекке үміткер бола алады. Елорда әкімі бүгін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының орталығында болды. Алтай Көлгінов келіп түскен өтініштерді жедел өңдеп, тұрғындарға кеңес беруді тапсырды. Елордада 120 мыңға жуық тұрғынның жұмысы уақытша тоқтатылды. Олар қызмет көрсету, сауда және т.б. салада жұмыс атқарады.

Қазіргі таңда қалалық штабқа жұмыс берушілерден мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 3 мың қызметкердің төлемі бойынша 500-ге өтінім келіп түсті. 300-ге жуық қызметкер төлем алады. Өтінімді «Электрондық үкімет» веб-порталында «электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беруге болады. Сонымен бірге 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12 нөмірлері бойынша кеңес алуға болады.

Елбасының тапсырмасына сәйкес Nur Otan партиясы 8 мың аз қамтылған отбасының картасына 50 мың теңге аударады.

Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін қосымша қолдау шарасы енгізілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға арналған мемлекеттік әлеуметтік көмек (МӘК) беріледі. Наурыз айында мемлекеттік әлеуметтік көмекті 2 мың 600 отбасы алды – бұл 4,5 мың бала.

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 3 мың 400 отбасыға тағайындалды. Карантин уақытында тікелей байланысты болдырмау мақсатында, егер отбасы құрамы, тұратын мекен-жайы және табыс деңгейі өзгермеген жағдайда, АӘК отбасыға өтінімсіз беріледі.

Сонымен бірге ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға, барлық жастағы 1 және 2 топтағы мүгедектерге, АӘК алушыларға қосымша қолдау шарасы ретінде карталарына 10 мың теңге аударылады (айдың басында 2 АЕК, айдың ортасында тағы 2 АЕК аударылатын болады). Тұрғындарды қолдау шаралары жалғасады.
Нұр-Сұлтан қаласы

2 комментария к «Нұр-Сұлтан қаласында 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төлене бастады.»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?