• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Даниал Ахметов: Қала тұрғындары үшін 2 түсті рұқсат қағазы қарастырылған.

Автор:REVIZORRO

Мар 31, 2020

Құрметті жерлестер, ертең Өскемен және Семей қалаларындағы әр отбасы5а шектеу шаралары туралы толық ақпарат жазылған «Дидар», «Рудный Алтай» газеттері тегін таратылады.

Ал әзірге, рұқсат қағаздарын қайда, қалай алуға болатынын айтып өтсем.

Қала тұрғындары үшін 2 түсті рұқсат қағазы қарастырылған.
Ақ – тақ санды, жасыл – жұп санды күндері жүруге мүмкіндік береді.

Рұқсат қағаздарды 2 қаланың көппәтерлі үй тұрғындары жеке пәтер иелері кооперативі (КСК), кондоминиумдар арқылы алады.

Өскемен қаласының жер үй тұрғындары жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері арқылы, Семей қаласында арнайы жылжымалы тарату орындарынан алады. Бау-бақша кооператив тұрғындарына бұл қағаздарды төрағалар береді.

Аталған орындар 2 сәуірден бастап күн сайын 8.00-ден, 24.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.

Ақ немесе жасыл талондар автокөліктің мемлекеттік нөмірі, көлігі жоқ болса, үйдің нөміріне сәйкес беріледі.

Естеріңізде болсын, бұл рұқсат қағаздар жеке куәліксіз жарамсыз!
Сұрақ туындаған жағдайда қалалық әкімдіктерге хабарласыңыздар!

Сондай-ақ, қашықтықтан сатып алу және жеке байланыссыз, тегін жеткізу қызметі 70 жастан асқан адамдар мен І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Жинақтың орташа құны:
«Бірінші стандарт» — 4200 тг.
«Екінші стандарт» — 6800 тг.
«Үшінші стандарт» — 11350 тг.
«Төртінші стандарт» — 12500 тг.

Өтінім берген кезде азаматтар ЖСН, мекен-жайын, байланыс деректерін, төлем тәсілдері мен жинақтың атауын көрсетеді.
Төлем қолма-қол немесе банк картасымен жүргізіледі.

Өскемен қаласында өтінімдер тәулік бойы 109 нөмірі арқылы қабылданып, жинақталады. Жеткізу күнделікті 8.00-ден, 20,00-ге дейін жүзеге асады. Семей қаласында да күн сайын 7.00-ден, 19.00-ге дейін, 8(7222)52-12-12 телефоны бойынша қабылданады.

Тапсырыс аптасына 1 рет, тек стандартқа кіретін тауарлар бойынша жасалады.

Сұрақтармен Call-орталықтарына — 1331, және 8775-34-44-077 нөмірлеріне хабарласуға болады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?