• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, пәтер жалдаушылар енді көшеде қалады ма?

Автор:REVIZORRO

Апр 2, 2020

Құрметті президентіміз және үкімет басшылары!

Президентіміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз- деп еді, пәтер жалдаушы халыққа қандай көмек бар?

Жарайды, 42 500 көмек ақы алған мен барлық пәтер жалдаушылар 42 500 ге пәтер жалдамайтыны анық. Пәтер ақы 42 500 ден жоқ еш жерде. Елімізде 18 000 000 халықтың барлығының баспанасы жоқ!
Баспағасы жоқ, пәтер жалдап отырғандар қуылып жатқан көрінеді, ҮЙДЕ ОТЫР, КӨШЕГЕ ШЫҚПА-деп ұрандатудың қажеті қанша?

Сол аталған 42 500 теңгені алудың өзіне зейнетақы қоры сұралып жатыр. Ал зейнетақы қоры жоқтар қор болғаны ма?

Айта кетерлігі сол аталған көмек ақшаның, әлеуметтік көмектің барлық 18 000 000 адам алмайтыны тағы бар.
Тамағын тауып жеу қиындаған кезеңде, пәтер жалдаушылар пәтер ақысын қайтеді?

Жататын жер болмаса, өз алдына баспана болсаған соң тамақ пен тілеп алған масканың қажеті қанша?
Баспананы мемлекет жалға бермеген соң, мемлекет, пәтер жалдап тұратын халыққа қандай көмек бересіздер?

Барлық халыққа пәтер беріңіздер?
Пәтер береалмасаңыздар, пәтер ақыға жететін қаржыны барлық Қазақстан Республикасының азаматтарына беріңіздер!?

Құрмет пен «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас директоры Сардар Әбдіжақия.
Нұр-Сұлтан қаласы.

5 комментариев к «Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, пәтер жалдаушылар енді көшеде қалады ма?»
  1. Саламатсыздарма оте орынды менинде уаиымым осы 14жыл болды патер жалдап турганыма укиметте 8жыл очеретте турдым мени шыгарып тастады мен 130000тг толеп турам 5 балам 1 немерем бар

  2. Осы пәтер ақы қинап тұр қожайын күнде телефон шалып маза бермей тұр.

  3. Мен косылам, менде жалгыз басты анамын уш балам бар, квартира жалдап турам, бир мекемеде еден жуамын, казириги кезде жумыс токтап тур, 42500 ге заявка тастаганыма бугин 5 ши кун, але жауап жок, ол акша берилема берилмеима бир Аллага аян.

  4. Салематсіздер ме.мен 4баланың анасымын.мені де пәтер мәселесі қинайды.мынадай төтенше жағдай кезінде пәтер ауысып төлеу қиын болып тұр.жол жағын қарастырып бір шешімін тапса жақсы болар еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?