• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қайрат Нұртас «Біз біргеміз!» акциясына қосылды

Автор:REVIZORRO

Апр 3, 2020

Қазақстан эстрадасының атақты әншісі Қайрат Нұртас медициналық қызметкерлерге сүт өнімдерін таратты. Сүт өнімдері қаладағы үш ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады. «Коронавирус індеті дүниежүзін жаулап алды. Қиын кезеңде баршамызға жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге көмектесу маңызды. Осы елдің азаматы ретінде қиын жағдайға бей-жай қарамай, өз тарапымнан волонтерлермен бірге ауыр дертке шалдыққан адамдарды емдеу қызметінде жүрген абзал жандарға қолдау көрсетуді жөн көрдім. Олардың жұмысы ауыр әрі қауіпті. Сабырлық пен денсаулық тілей отыра, мен қазақстандық медицина қызметкерлерінің барлығына адал еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Біз біргеміз!» – деді Қ. Нұртас.

«Саулық» волонтерлер бағытымен бірлесіп үш емдеу орталығына азық-түлік таратылды. Атап айтқанда, фтизиопульмонология орталығына, № 3 көпбейінді қалалық балалар емханасы және карантиндік стационар орналасқан «Рамада Плаза» қонақ үйі кешеніне жеткізілді.

Таяуда әнші Нұр-Сұлтан қаласы штабының волонтерлер қатарына қосылған болатын. Елордалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жанындағы қалалық еріктілер штабы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсетуді жалғасытырып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы

9 комментариев к «Қайрат Нұртас «Біз біргеміз!» акциясына қосылды»
  1. Жарайсың, бауырым! Осындай қиын — қыстау кезде бірге болған дұрыс, қолдан келгенше көмектескенге не жетсін, əрине дəрігерлерімізді қолдау керек, олар тек бүгінгі күннің ғана батырлары емес, олар əр күні біздің батырларымыз , біз тек қазір ғана шын мойындап отырмыз! Ал, сөздерге Алланың нұры жаусын!

  2. Жарайсың.Карантин басталғалы әли кунге бир әнши комек берген емес.Қайрат иним жарайсың.Оркенин оссин.Биктерден корине бер.

  3. Айдай жүзді, нұр төгілген жүзі ьар Қайрат баламыздың қосқан үлесі Алладан еселеп қацтсын, жаным. Мен Қайрат сахнаға шыққаннан сыртынан тілеуін тілеп жүрген бір жанкүйерімін. Ұазақ эстрадасына еңбекқорлық, шығармашылық ізденісімен, жаңашыл өнерімен серпін берген азаматымыз аман болып, ұзақ ғұмырлы болсын.

  4. Салеметсізбе мен Кызылорда обл Жалағаш ауд тұргынымын жалғыз басты анамын екі балам бар бир балам инвалид көмек барма жокпа

  5. Алла разы болсын жалгыз басты аналарга Ешкандаи комек болмаима Еки баламен отырмын жумыс токтап калды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?