• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Панфилов ауданының кәсіпкерлері 1800 отбасыға көмек көрсетті.

Автор:REVIZORRO

Апр 8, 2020

Панфилов ауданының кәсіпкерлері 1800 отбасыға көмек көрсетті-деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметін. Біз біргеміз республикалық акция аясында Жаркент қаласындағы екі мыңға жуық отбасыға азық-түлік таратылды.
Төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарына қолдау көрсетуге жергілікті кәсіпкерлер Закиржан Кузиев пен Серік Ақсубаев 15 миллионға жуық қаражат бөлген.

Біз аудандағы кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Бұған дейін 700-ге жуыққа көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Бүгін 1800 жанұяға әлеуметтік пакет таратылды. Осындай қысылтаяң сәтте тұрғындарға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғыс білдіремін,-деді аудан әкімі Талғат Өмірәлиев.

1800 отбасыны қамтыған қайырымдылық шарасына Закиржан Кузиев басқаратын «Жаркент крахмал-сірне» зауытының қызметкерлері де қамтылған.

Бізде 1200-ден астам қызметкерлер жұмыс істейді. Төтенше жағдайға қарамастан жұмыс тоқтаған емес. Сондықтан осындай жағдайда қол ұшын беру керек. Алдағы уақытта бұндай қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады,- зауыт басшысы.

Жаркент тұрғындары кәсіпкерлерге көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Алматы облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?