• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ж. Тәжиева: Онлайн жиналысқа 300 ге жуық ата -аналары қатысты.

Автор:REVIZORRO

Апр 15, 2020

Құрметті әлеуметтік желіі қолданушылар!
Ата-аналар!

Кеше яғни, 14 сәуір күні тікелей басшылығыммен өткен он лайн жиналысқа Шымкент қаласы оқушыларының 300 ге жуық ата -аналары қатысты.

Жиында төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту мәселелеріндегі қордаланған сұрақтарға тікелей эфирде жауап берілді.

Ата-аналарымыз бірінші кезекте ҰСТАЗ еңбегіне және тығырықтан шығар жолды үйлестіре білген білім министрлігіне де шексіз ризашылықтарын білдірді.

«Жақсы сөз-жан семіртер»-дегендей, ауыр әрі жауапкершілігі жоғары болса да, көзге елене бермейтін еңбектің бағалануы — ұстаздарымызға қуат беріп, кәсібіне деген жауапкершілігі мен белсенділігін арттырары сөзсіз.

Жиын қорытындысы бойынша, ата-аналар қойған сұрақтарға тағы да зерделеу жасап, көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдім.
Сонымен ең көп қойылған сұрақтар:

1. Сұрақ: Бастауыш сынып баласына үй тапсырмасы қалай беріледі?

Жауап: Бастауыш сыныптардағы оқушыларға оқу тапсырмалары көлеміне қарай беріледі. 1 сыныпта 5-10 сөзден, 4 сыныпта 30-35 сөзден тұратын тапсырма.

2. Сұрақ: Дарынды оқушыға тапсырманы мұғалім қалай ұйымдастырады?

Жауап: Әрине, ерекше қабілетті, дарынды балаларға әр педагог өз шеберлігіне қарай оқу тапсырмаларын ұйымдастырады.

3. Сұрақ: Телесабақтардан көрген сабақтары бойынша алған білімі жеткілікті ме?

Жауап: Ол сабақтар 10-15 минутқа шақтап жасалынғанымен, негізгі оқу мақсатына нақты шағынсабақ үлгісін көрсетеді. Ары қарай оқушы өзіндік жұмысымен нығайтады, педагог көмегімен.

4. Сұрақ: Бір үйде үш-төрт бала бірден қалай телеарналарды көре алады?

Жауап: Қазіргі таңда «Балапан», «Еларна», «Қазақстан» телеарналары арқылы берілген сабақтар қайталанады. Сондықтан кезектесіп сол күні өз мұғалімдеріне өзіндік жұмыс тапсыра алса болғаны. Ол үшін абыржудың қажеті жоқ.

5. Сұрақ: Жалпы үй тапсырмасы қандай болу керек?

Жауап: «Үй тапсырмасы» сөзі «Оқу тапсырмасы» деген сөздермен қашықтан оқыту кезінде ауыстырылып айтылады. Оқушылар әр пән бойынша сабақ кестесіне сәйкес оқу тапсырмаларын бір рет қана алады. Егер жазбаша жұмыс жазса орындап болған соң педагогке жібереді.

6. Сұрақ: Денешынықтыру, музыка, еңбек сабақтары қалай берілуде?

Жауап: Негізінде соңғы келген министрліктің 01.04.2020ж. №123- бұйрығындағы өзгертулерде пәндерді
2 топқа бөлген. Сіздердің айтып отырған пәндеріңізде оқу тапсырмасы берілмейді. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай бейнересурстар бойынша жаттығу жасатады.

7. Сұрақ: Оқушылардың алған білімі қалай бағаланады?

Жауап: Қашықтан білім алу кезінде оқушылар Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты негізінде оқу пәндері бойынша білім ала алатындығын бәріміз өз тәжірибемізден өткіздік. Ал осы қашықтан оқытуды бағалауға келер болсақ,
— бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) — 4-8 мамыр аралығында;
— тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) – 18-22 мамыр аралығында;
— төртінші тоқсанда осы ТЖБ мен БЖБ бір ғана реттен тапсырылады;
— қорытынды аттестациялау емтиханы болмайды;
— аттестатқа жылдың қорытынды бағалары қойылады;

8. Сұрақ: Мектеп оқушылары жазғы демалысқа қашан шығады?

Жауап: Барлық білім алушылар, яғни мектеп оқушылары 25 мамыр күні жазғы демалысқа шығады.

Қорыта айтқанда, осындай сын сағатта барынша сақтық шараларды сақтап, мектеп-ұстаз- ата-ана- оқушы арасында «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратындай «- бірлікке шақырамын.

Ең бастысы, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Шымкент қаласы, білім басқармасының басшысы
Жанат Арысбекқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?