• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Робот па бұл? Ол кісіні кім дерсің…

Автор:REVIZORRO

Апр 16, 2020

«Мен Уәли Даулет Ерғалиұлы Түркістан облысы Полиция Департаментінің Созақ аудандық Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің Учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты лауазымында қызмет атқарамын. Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылында 1996 жылы 30 тамыз күні дүниеге келдім. 7 жасыма дейін ауыл молдасынан, одан соң Қ.Сәтпаев атындағы мектеп хабырғасына қадам бастым. 11 жыл сол мектепте оқып, үлгілі оқушы болдым. Полиция қызметкері болуды жастайымнан армандаған болатынмын. Форма киіп халықтың тыныштығын сақтауда күндіз — түні талмай еңбек еткім келген еді. Арман қуып өз арманыма жету үшін Қостанай қаласында орналасқан Шырақбек Қабылбаев Атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсуге бардым. Алланың қалауымен және де ата-анамның қолдауымен оқуға түсіп сол жерде 4 жыл білім нәрімен сусындап жоғарғы оқу орнын тәмәмдадым. Оқуды бітіріп келген соң өзімнің туған жеріме қызмет етуге Созақ аудандық Полиция бөліміне, Жергілікті полиция қызметіне Учаскелік полиция инспекторы болып тағайындалдым. Жас маман болғандықтан басында әрине қиын болды. Алайда бірлігі жарасқан ұжымның арқасында тез арада ортаға сіңіп жұмыс барысын тез үйреніп алдым. Әрине менің әлі білетінімнен білмейтінім өте көп. Маған білмегенімді үйретіп қолдау көрсетіп келе жатқан білгір, білімді ұжымдастарыма үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қазақ елі үшін талмай еңбек етіп халық тыныштығын сақтауда алғы шепте тұрамын деп уәде беремін!!! Қазақстан Республикасына қызмет етемін!!» — дей келе, дүние жүзін дүрліктірген коронавирус індетінің елімізде таралмауына көз ілместен, тәулік бойы қызмет атқарып жүрген қызметтес, жолдастарыма арнаған өзімнің өлең шумақтарымды назарларыңызға ұсынамын.

Тәртіп үшін алғы шепте күрескен,

Талай әлі асар биік белестен.

Сақшыларым аман болғай әрқашан

Жұлдыздарың жарқырасын күнменен.

Қиын-қыстау заман болды халықта,

Ауруға да қарамады сырқатқа.

Талмай ерен еңбек еткен ерлерім,

Әрқашанда қызметі өткен халыққа.

Бұл бір індет қинады барлық адамды,

Аңдап басқын әрбір басқан қадамды.

Қай кез болсын көмегін еш аямас,

Полиция қорғады әр кез адамды.

Полиция тірегі ол халықтың,

Медицина жүрегі ол халықтың,

Қос бірдей қорғауы бар халықтың,

Тыныштығы бұзылмас осы қалыптың.

Таралмауын қадағалап індеттің,

Аспаннан бір шуақ шашқан күн дерсің.

Жол бойында күндіз-түні болатын,

Робот па бұл? Ол кісі кім дерсің….

Қызмет еткін әрқашанда шаршамай,

Жұмыс көп қой індет бәле тоқтамай.

Ағаларым погондағы аман бол,

Алға ұмтыл артқы жақта қап қоймай!
Түркістан облысы полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?