• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Өрт сөндірушілер «Донор бол – өмірді құтқар» акциясына қатысты

Автор:REVIZORRO

Май 2, 2019

3 мамырда «Қарағанды облыстық қан орталығы» КМК мамандары Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне донорлық қан дайындау үшін келді.

Қажетті іс-шараларды орындау үшін негізгі пункт (лаборатория, тіркеу бөлімі, терапевт, қан алу) Өрт техникалық орталықта орналастырылды.

Акция сағат 10:00 басталды. 8 адамнан құралған мобильді топ процедураларды сауатты орындады. Алдымен мамандар құтқарушылардың денсаулығын тексерістен өткізді.

Өз еркімен қан тапсыруға ұсыныс білдірген 35 құтқарушы тіркеуден өтіп, қан топтарын, гемоглабин деңгейін анықтап, қысымдарын өлшеді, осы іс-шараларға 20 минуттай уақыт кетті.

Содан соң донорлыққа жолдама алған құтқарушылардан қан алынды, барлық процедуралар біткен соң қан тапсырған құтқарушыларға мамандар тәтті шәй берді.

Үш сағат ішінде 20 өрт-сөндіруші-құтқарушы донорлық міндеттерін орындады.

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысының қызметкерлері жыл сайын аталмыш акцияға белсене қатысады және зардап шегушілерге көмек көрсетуге әрқашан дайын!

Қарағанды облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі

«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?