• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Сенатта қарауында 15-ке жуық заң жобасы бар

Автор:REVIZORRO

Апр 17, 2020

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жұмыс кестесі өзгерді. Енгізілген өзгерістерге қарамастан Палатаның заң шығару қызметі жалғасын табуда. Төтенше жағдай кезінде жоспарланған сапарлар мен шаралардың бәріне тыйым салынды. Сенат ғимаратында күніне бірнеше рет тиісті санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілуде.

Қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында Сенат отырысын өткізу тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Палата отырысында қаралып жатқан заң жобаларына қатысты баяндама жасау мен сұрақтарға жауап беру үшін бейнеконференция байланысы қолданылады.

Сенат комитеттерінің отырыстары да бейнеконференция байланысы арқылы өтуде. Сенаторлар сонымен қатар күн тәртібі аясындағы сұрақтарды да қашықтан талқылауды жүзеге асыруда. Депутаттардың айтуынша, заң шығару процесінің бәрін цифрландыру оған мүмкіндік беріп отыр. Сенат сайтына барлық заң жобалары орналастырылған, заң жобасына жауапты адамдармен өзара байланысқа барлық мүмкіндік бар.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында 15-ке жуық заң жобасы бар екенін атап өткен жөн. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы», «Ардагерлер туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және тағы басқа заң жобалары бар.
ҚР парламентінің сенаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?