• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Полицей жол апатынан қайтыс болды

Автор:REVIZORRO

Апр 18, 2020

Алматыда полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 18 сәуір жол-көлік оқиғасында, 1992 жылы туған Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының қызметкері қайтыс болды. Ол жеке көлігімен түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып бара жатқан, Әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өтіп, жерасты өткелінің қоршауына қарай соғысқан. Апат салдарынан полицей ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің күші мен реанимациясына қарамастан, өкінішке орай, ол “жедел жәрдемде” қайтыс болды. Жүргізушінің қанында алкоголь анықталмады. Апаттың мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады. Алматы Полиция департаментінің басшылығы мен ұжымы оның қайғылы қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Алматы қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?