• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарағанды облысында тәлімгерлер мен жас қызметкерлердің слеті өткізілді

Автор:REVIZORRO

Май 3, 2019

Ағымдағы жылдың 3 мамырында Қарағанды облысы ТЖ департаментімен тәлімгерлердің және Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің жас қызметкерлерінің IV слеті өткізілді.

Слетті өткізудің мақсаты – азаматтық қорғаныс органдарына жаңадан келгендердің аға буынның айтулы дәстүрлерін лайықты жалғастыруы, қызметтік міндеттері мен борынтарын орындаудың үлгісі болуы үшін қызметкерлерде кәсіби мақтаныш тәрбиелеу, таңдаған мамандықтары үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Слетке жас азаматтық қорғаныс органдарының жас қызметкерлері және олардың тәлімгерлері, Қарағанды облысы бойынша азаматтық қорғау ардагерлері шақырылды. Тәлімгерлер мен жас қызметкерлер слетінің ашылу салтанатын ТЖД бастығының орынбасары полковник Біржан Кәрімов құттықтау сөзімен бастады. Өз сөзінде полковник Біржан Телманұлы өрт сөндіруші батырлардың тәлімгерлерден бар дүниені үйрену маңызды екенін атап айтты. Және күнделікті жұмыста көп күш-жігердің, аса ауыр сала болса да, барлығына төзуді, сонымен қатар өз Отаны — Қазақстан Республикасына үлкен сеніммен қызмет ету маңыздылығын атап өтті. Мерекелік шараға тек жас қызметкерлер, тәлімгерлер ғана емес сонымен қоса жас қызметкерлерге үлгі боларлық құрметті ардагерлер де қатысты. Жас қызметкерлердің алдында сонымен қатар, аға әріптестері, басқармалар мен бөлімшелер бастықтары сөз сөйледі. Азаматтық қорғау ардагерлері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Слеттің жас қатысушылары үшін экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында әрқайсысы Қарағанды облысының өртке қарсы бөлімінің тарихымен танысты. Барлық слетке қатысушылар экскурсияға риза болдыі. Сонымен қатар, слет барысында азаматтық қорғау ардагері Р.Р.Ғалымжанов жас қызметкерлер тәрбиесі тақырыбында дәріс оқып, танымдық видероликтер көрсетті. Слет аясында «Үздік тәлімгер » байқауы өтті. Дауыс берудің нәтижесі бойынша ең үздік тәлімгер ретінде Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ 45-МӨСБ өрт сөндіру көлігін жүргізу бойынша аға инструктор, азаматтық қорғау старшинасы Бүрленов Арман Қарлыбайұлы.

Бүгінгі күні азаматтық қорғаныс органдарында тәлімгерлік институтына үлкен көңіл бөлінеді, өйткені дәл осы тиімді мысал және тәлімгерлердің бай еңбек және өмірлік тәжірибелері жас қызметкерлерді тәрбиелеуде аса маңызды мәнге ие.

Тотия Енсебаева,

Қарағанды облысы ТЖД

«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?