• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Елордада орналасқан елді-мекенде газ тарату желілерінің құрылысы басталды.

Автор:REVIZORRO

Апр 20, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан елді-мекенде газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Магистральдық газ құбырының монтажы аяқталу сатысында. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында желілерді жүргізу барысын тексерді.

Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс қарқынын төмендетпеу қажеттігін атап өтті. Железодорожный елді-мекенінде газ тарату желілерінің үштен бірі салынды. Сонымен бірге жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок елді-мекендерінде жүргізіліп жатыр.
Барлық жұмыстар – кестеге сәйкес.

Қаланың өнеркәсіптік секторы мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді: келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елді-мекендері газбен қамтылады.
Екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ІКҚ), Тельман (3 ІКҚ), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ІКҚ) елді-мекендері қамтылады. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ІКҚ), Шұбар (3-ші ІКҚ), Өндіріс (4-ші ІКҚ) елді-мекендері газдандырылады. Іске асыру мерзімі-2020-2023 ж.

Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?