• Вт. Май 21st, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкент: Полицейлер желі арқылы шағын-концерт ұйымдастырды.

Автор:REVIZORRO

Апр 23, 2020

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен құралған «Полиарт» тобы шағын-концерт ұйымдастырды.

Бұл үштік 8 наурыз мерекесі карсаңында қаламыздағы Арбатта нәзік жандыларға арнап, бірнеше ән шырқап, тұрғындардың сүйіспеншілігіне ие болған.

Шымкент қ. ПД-нің қызметкерлері карантинге байланысты үйде отырған қала тұрғындарына қолдау көрсету үшін онлайн-концерт ұйымдастырды.

Полицейлер тікелей эфирде көрермендер орындауларын сұранған жеті ән шырқады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтарды төтенше жағдай режимін және барлық сақтық шараларын сақтауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тікелей эфир кезінде көрермендер талантты орындаушыларға алғыстарын білдірді.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?