• Вт. Май 21st, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ж. Бақтыбаев облыс тұрғындарына үндеу жолдады

Автор:REVIZORRO

Апр 23, 2020

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев карантин кезіндегі алаяқтықтың жиілеп кетуіне байланысты облыс тұрғындарына үндеу жолдады.
«Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары!
Полиция қызметкерлерінің бақылауында әлі күнге дейін белгісіз адамдарға өз ақшаларын беретін азаматтарға қатысты алаяқтықпен байланысты қылмыстар қалуда, ал зиянкестер өздерін әлеуметтік және зейнетақы қызметкерлері, энергетикалық және газ қызметінің өкілдері ретінде таныстырып, адамдардың сеніміне кіріп, зейнеткерлерге арзан азық-түлік, т.б. заттарды сатып алуды ұсынады.
Көшелерде және үйлердің кіреберістерінде Сізге белгісіз азаматтармен сөйлескен кезде де сақ болыңыз. Көптеген жағдайларда алаяқтар алдауға қолайлы қарт адамдарды таңдайды, оларды әртүрлі аурулардан емдеп, бойынан дуаны алып тастауды ұсынады.
Ұялы және сымды байланыс желілерінде және Интернет желісінде алаяқтықтың ең көп таралған әдістері.
Соңғы уақытта, әсіресе карантин кезінде интернет-алаяқтықтың жиі орын алуына қатысты мұқият болуларыңызды сұраймын», — деп атап өтті Жанарбек Төлеубекұлы.
«Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау үшін ең бастысы сақтықтың негізгі ережелерін есте сақтау қажет. Есіңізде болсын, авторизация кодтары — бұл сіздің дербес деректеріңіз, оларды тіпті банк қызметкері сұрай алмайды. Егер қоңырау шалушы банк қызметкері болып өзін таныстырса — түтікті іліп, банкке қоңырау шалыңыз. Сіз сол жерден қоңырау шалғандығын анықтаңыз. Ешқашан Сіз танымайтын белгісіз адамдарға карточкалардың нөмірлері мен артқы жағындағы сандарды, СМС-парольдерді, шоттарды және кез келген басқа да қаржылық деректерді жібермеңіз. «OLX, «Крыша», «Колеса», «della.kz» және Instagram сияқты еркін тіркелетін сервисті сақтықпен қолданыңыз. Оларды тек парасатты азаматтар ғана емес, сонымен қатар алаяқтар да пайдаланады. Сатып алу немесе сату кезінде алдын ала төлеуге келіспеңіз. Егер сіз басқа қаладан заттарды сатып алсаңыз, сол қалада тұратын достарыңыздан немесе таныстарыңыздан оларды тексеруді сұраңыз.
Мен сізді қырағы болуға және жеке мәліметтеріңізді ешкімге сеніп тапсырмауға шақырамын. Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болған болсаңыз, үнсіз қалмаңыз, полицияға өтініш жазып, дереу банкке хабарласыңыз. Егер Сіз біздің барлық кеңестерімізді сақтасаңыз, онда Сіз қауіпсіздіктесіз! Егер Сіз қылмыстың куәгері болсаңыз, 102-ні теріңіз.
Құрметті азаматтар!
Жасы мен қызмет саласына қарамастан барлық ұсыныстар мен шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Карантинде емес азаматтардың барлығына – аса қажет болған жағдайда ғана үйден шығуға тырысыңыз – азық-түлік сатып алу, соның ішінде әсіресе үлкен жастағы туыстары үшін, дәріханаға бару, өндірістік жұмыспен айналысуына байланысты, басқа да аса маңызды себептер бойынша.
Ересек тұрғындарға үлкен өтініш – балаларды бақылауды жүзеге асырыңыз, оларды сақтаңыздар, кәмелетке толмағандардың үйден осы уақытша шектеу кезеңде шығуына жол бермеңіз.
Барлықтарыңызды үйде қалуды сұраймыз. Өз қауіпсіздігіңіз үшін үйде қалыңыз, ал біз өз кезегінде жұмыс істеп, халықтың игілігі үшін қызмет етеміз!»- деді сөз соңында ведомство басшысы Ж. Бақтыбаев.
Маңғыстау облысы полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?