• Вт. Апр 30th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Таразда ер адам аурухананың екінші қабатынан құлап кетті

Автор:REVIZORRO

Апр 23, 2020

Анықталғандай, ол 2013 жылдан 2015 жылға дейін «созылмалы алкоголизм» диагнозымен наркологиялық есепте тұрған – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 сәуір күні Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына провизорлық стационардың әкімшілік ғимаратының екінші қабатынан емделушінің құлап, есін жимастан қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Одан алынған COVID-19-ға талдау теріс нәтиже берген.

Стационардан қашып кетуге тырысып, 42 жастағы өзін агрессивті ұстаған ер адам екінші қабаттың терезесінен шығып, асфальтқа құлап кеткен.

Дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?