• Вт. Май 7th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Таразда ер адамның мәйіті табылды

Автор:REVIZORRO

Апр 26, 2020

26 сәуір күні сағат 10.00 шамасында облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінде ес-түссіз жатқан адам табылды — деп хабарлайды Polisia.kz

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, қаза тапқанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2000 жылы ҚР ҚК 259-бабы бойынша бұрын сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, бiрге спирттік ішімдік ішу барысында олардың арасында жанжал туындап, нәтижесінде пышақ сұққан. Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?