• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Полицей тұрғынның ұлын туған күнімен құттықтады

Автор:REVIZORRO

Апр 29, 2020

Алматы қаласының тұрғыны полицейлерден ұлын туған күнімен құттықтауларын өтінді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жақында Алматы облыстық Полиция департаментінің инстаграм парақшасы арқылы карантин “құрсауында” қалған ана полиция қызметкерлеріне ұлын туған күнімен құттықтауларын өтініп ерекше өтініш айтқан. Кейбір жағдайларға байланысты анасы мен ұлы бір-бірінен уақытша жырақта және баласының туған күнін бірге атап өте алмайды. Алайда, азаматша бұл жағдайдың шешімін тауып, полицияға жүгінген. Әйел қазір Алматы қаласының аумағында, ал оның ұлы 12 жастағы Әділет Талдықорған қаласында әжесінің жанында. Жас ана Әділеттің Қазақстанның ізгілікті полициясын мақтан тұтатындығын және олармен кездескісі келетіндігін жеткізген. Полицейлерден құттықтау естіп, сыйлық алу Әділеттің мүлдем ойында да болмаған.“Менің ұлым Әділеттің он екінші туған күні біздің отбасы үшін ерекше болды. 12 жас-бұл ұл балалардың аға ұрпақтан үлгі алып, оларға ұқсағысы келетін жасы. Мен баламның осы жылы карантин уақытында назарсыз және сыйлықсыз қалғанын қаламадым,сол себепті мен біздің заманымыздың батырлары – полицейлерімізге хабарласуды ұйғардым. Полиция департаменті менің өтінішімді қабылдады және менің ұлымның кумирі джиу – джитсудан әлем чемпионы Қуандық Есинеевтың атынан тамаша құттықтау ұйымдастырды, себебі Әділет жекпе – жекпен кәсіби түрде айналысады”, – деп өз қуанышымен бөлісті Айгүл Берекешова. Джиу-джитсудан әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, полиция капитаны Қуандық Есинеев бүгін Алматы облысының полиция қатарында қызмет етеді. Чемпион-полиция қызметкері туған күн иесіне таусылмайтын күш-жігер мен толағай табыс тіледі. Әділет өз тәлімгерінің қолынан полиция қызметкерінің алтын коллекциясынан арнайы таңдалған, жеңіс пен табандылықты бейнелейтін мүсін түріндегі бағалы сыйлықты және чемпионға қымбат спортшының алғашқы медалін алды. Әділеттің анасы тапсырылған сыйлықтар ұлын алдағы уақытта Қуандықтай мықты чемпион болуға және бүкіл елдің үмітін ақтауға ынталандыратын табыс пен жеңіс энергетикасына алып келеді деп қуанды. “Бізге өтініш білдірген отбасының өтінішін назардан тыс қалдыра алмадық. Қиын жағдайларда біз азаматтардан түрлі өтініштер аламыз, олар құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатысты сигналдар немесе қарапайым адами өтініштер болуы мүмкін. Полиция әрқашан кез келген жағдайда, қайғы немесе қуаныш болсын адамдарға көмек қолын созатын алдыңғы буын. Біздің ойымызша, біздің отандастарымыздың өтініштері мен тілектері адамдардың полиция қызметіне деген жоғары сенімін көрсетеді, ал біздің қызметкерлеріміздің кең әрекеттері бізді шын жүректен қуантады”, – дейді Алматы облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Ораз Жолдасов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?